Құқық қорғау органдары

СҚО-да жүк машинасы екі пойызбен соқтығысты

Ербол Қуанышев – СҚО ТЖД Қызылжар ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы.

-Жүргізуші жолда жүру ережесін сақтамаған. Ол жол торабының алдында тоқтамай жүре берген. Дәл сол кезде көлікті жүк пойызы соғып, жүргізуші қаза табады.

Жүк пойызымен соғылғаннан кейін МАЗ-ды сол жақ бүйірінен қарсы бағытта келе жатқан “Иркутск-Кисловодск” бағытындағы 500-ге жуық жолаушысы бар пойыз келіп соғады.

Сергей Глуховский – ООТЖ Петропавл бөлімшесі басшысының міндетін атқарушысы.

-Көлік 70 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан 80 вагоны бар жүк пойызымен соғылады. Кейін, Петропавл қаласы жағынан келе жатқан №57 пойыз машинаны екінші жағынан соғады.

Салдарынан жүк пойызының 4 бос жартылай вагоны рельстен шығып кетеді. Ал жолаушылар пойызының 3 вагоны зақымданды. Абырой болғанда, жолаушылар дін аман. Оқиға орнына барлық жедел қызмет түрлері жұмылдырылған.

Евгений Журавлев – СҚО ТЖД бас маманы.

-Оқиға орнына СҚО ТЖД, СҚО ІІД, Петропавл станциясы Желілік Ішкі Істер Бөлімі мен көлік прокуратурасының жедел топтары келіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдайдың салдары сағат 20-дан 27 минут кеткенде жойылды.

Сол күні жүк машинасын Татарстан Республикасы Набережные Челны қаласының тұрғыны 24 жасар Дмитрий Бронников тізгіндеген болатын. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша ол Ресейден Көкшетау қаласына техникаға қажетті қосалқы бөлшектерді апара жатқан. Оның бұл іспен айналысып жүргеніне екі жылдан астам уақыт болған екен. Қазір марқұмның артында жолдасымен 3 жасар қызы қалды. Жаға ұстатарлық оқиғаға Дмитрийдің жолдастары әлі сенбейді.

Альберт – Дмитрий Бронниковтың ДОСы.

-Мен оны жақсы білгем, Ол менің жақын досым болған. Дмитрий еңбек өтілі бар жүргізуші. Ол әуелде Ресейде жүк тасып жүрді, кейін Қазақстанға жүк тасымалдай бастады. Дмитрий темір жол торабынан жылдам өтіп кетемін деп ойлады дегенге сенбеймін. Досымды бұрыннан білемін, ол ешқашан ақауы бар машинаға да отырмайтын. Және де жол ережесін бұзбаған.

-Полиция қызметкерлері бүгінгі күні аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Дмитрийдің жолдасы мәлімдегендей, жүргізушінің әкесі жақын арада Қазақстанға келмек. Ал қара жамылған марқұмның отбасы болса, қазір жерлеу шараларына қамданып жатыр.

 

Риат Шони.