Балалар

Петропавлда мүгедек балалар өнер көрсетті

Оксана Самойленко, Артемның анасы.

-Баламның құлағы нашар естиді оған қоса саусақтары әлсіз. Ол фортепианода ойнау арқылы әлсіз саусақтарын шынықтырды. Музыка пәнінен беретін танысым құлағының мүкісі бар баланы осылайша фотепианода ойнауға үйретуге болатынына өз көзімен көргенше сенбеді. Мен сіздерге, айтайын, иә бұл мүмкін. Бұл өмірде адамды кемшілігіне қарамастан барлық нәрсеге үйретуге болады.

Игі шарада өз шам шырағын жағып, үмітін үкілеуге шамамен 80 мүмкіндігі шектеулі оқушы жиналды.

Ирина Колодаева, СҚО балалар шығармашылығы орталығы директорының орынбасары.

-“Үміт” мүмкіндігі шектеулі баралар үшін ұйымдастырылған фестиваль ҚР-ның тұңғыш президенті күніне арналған. Оғане Жамбыл, Тайынша, Қызылжар, Мамлют аудандары қатысуда. Ал, өзгелері ауа райына байланысты келе алмай қалды. Шараға солистер, балалар шығармашылық ұжымы және би ұжымдары қатысады. Жақсы өнер көрсеткендері республикалық “Жұлдызай” конкурсына жолдама алады.

“Үміт” аталған фестивальде балалар мәнерлеп өлең оқыды, ән айтты, би биледі.

Есту кемістігі бар балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары орындаған мына би 2 аптаның ішінде дайындалған. Осы уақыт аралығында олар туындыны шебер меңгеріп, көрермендерді баурап алды. Ал, 13 жасар Дияр Бекқожин “Мен қазақпын” патриоттық әнін шырқағанда, өзін сахнада еркін ұстап, тыңдармандарды әртістік қабілетімен еріксіз елітіп әкетті. Дияр болайын деп тұрған бала. Жасы 13-те болса да, сөзі ірі.

Дияр Бекқожин, №13 орта мектептің оқушысы.

-Бұл ән арқылы мен Отаныма деген шексіз сүйіспеншілігімді жеткізгім келді. Мен елімнің нағыз патриотымын. Халқым, президентіміз аман болсын. Халықтар тату-тәтті тұрсын. Мен өмірде, жұмыста бәріне сәттілік тілеймін.

“Үміт” фестивалі балалардың ой түкпіріндегі арманын оятып, болашағына деген сенімін ұлғайтады. Есту, көру қабілеті нашар жетілсе де, олар ән мен бидің ырғағын жүрегімен сезініп, шығарманы асқан шеберлікпен орындайды.

– Денсаулығында кінәрат болса да, олар мойымай ешбір адамнан кем еместіктерін өз өнерімен танытты.

– Шынымды айтсам, мен олар сияқты ән айтып, билей алмаймын.

Сондай-ақ, мұнда жұртшылық назарына жасөспірімдердің қолданбалы қолөнер туындылары ұсынылды.

 

 

 

Берик Касен.