Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Билік

15:09 24 Қараша 2014

Ерік Сұлтанов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Елбасы 11 қарашадағы жолдауында біз тұрақтылықты бағалай білгеміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Біздің кейінгі ұрпаққа аманат етер ең басты байлығымыз ел бірлігі болуы керек деді. Еліміздің татулығыменбірліктігін қамтамасыз етуде, Қазақстан халқы ассамблеясының үлесі ерекше.

Бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы асамблеясы құрамында 23 этномәдени бірлестік бар. Тағы 104-і аудандарда жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың 11 айы ішінде нақ осы ұйымдар 300-ден астам шара өткізген. Оған 15 000- ға жуық адам қатысыпты. Жалпы, бұл бағытта атқарылып жатқан шаруалардың ауқымы кең.

Наиль Салимов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Өңірде этносаралық қарым-қатынас туралы оқыту мақсатында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ашылды. Осының арқасында жастар қоғамдық институт жайлы ғылыми тұрғыда зерттеп, білім алады. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының арқасында қазір ұлтаралық келісімді нығайту үшін барлық жағдай жасалынып жатыр.

Басқосуда Айыртау ауданында атқарылып жатқан шаруалар да сөз етілді. Бұл жайында аудан әкімі Ағзам Тастеміров баяндама жасады. Бүгінгі күні аталмыш ауданда 50-ге жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығына тілі мен дінін, ділін білу үшін тиісті жағдай жасалған. Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының 21-ші сессиясында достық үйлерін дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырған болатын. Соған байланысты теріскейде бір ай бұрын «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшін биыл облыстық бюджеттен 905 мың теңге қаражат бөлінген.

Дина Әбілмәжінова – «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

– Облыс әкімінің қолдауымен «Қоғамдық келісім үйі» құрылды. Оның басты мақсаты этномәдени орталықтарға әдістемелек жағынан, қаражат жағынанкөмек көрсету болып табылады. Алдымызда 2015 жылға арналған жоспарды бекітіп, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған іс шараларды жүзеге асыру мақсаты тұр.

Келер жылы ассамблеяның 20 жылдығы аталып өтілмек. Соған байланысты, өңірде ауқымды іс-шаралар жоспарланып отыр. Мәселен, 1-ші наурызда облыс орталығында «Шуақты шаңырақ» атты кездесу ұйымдастырылмақ. Оған қоғамдық бірлестіктердің ардагерлері белсенділері қатысады. Осы жиында мерейтойлық журнал мен арнайы әзірленген фильмнің тұсаукесер рәсімі өтеді. Сондай-ақ, барлық оқу орындарында шығармашылық байқау ұйымдастырылады. Мұнымен қоса, ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өткізу жоспарда бар. Бұдан соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов жиналғандар алдында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Ерік Сұлтанов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Егіннің басым көпшілігі уақытында пісіп үлгерген жоқ. Сол себепті, жинау науқаны күзде кеш басталды. Жұмыс барысында ауа райы оң қабақ танытпады. Бүгінде сары алтынның 94 пайызы жиналған. Бір гектардың шығымдылығы орташа алғанда 15 центнерді құрады.

Облыс бүгінгі күні қысқа толықтай дайын болғанымен, Петропавлдағы жылу магистральдарының 88 пайызының тозығы жеткен. Елбасы кезекті жолдауында су мен жылу желілерін қайта жаңғыртуды тапсырды. Осыған сәйкес, болашақта бұл жұмыстар да атқарылмақ.

Ерік Сұлтанов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Облыста қыс мерзіміне дайындық шаралары тиісті деңгейде атқарылған. Жылу энерго орталығында жақсы жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Яғни, биыл 5-ші турбина толық күрделі жөндеуден өтті.

Биыл өңірде өнеркәсіп саласының қарқыны аздап төмендеген. Оған зауыттарға тапсырыс түспеуі себеп болып отыр.

Ерік Сұлтанов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Өнеркәсіп саласында бізде 10 айда 3,5 пайыз өсім байқалды. Алайда, бұл жеткіліксіз. Биыл «ЗИКСТО» зауытына тапсырыстар тиісті деңгейде түскен жоқ. Десе де, РФ мен ҚР-ың қорғаныс министрліктерінен тапсырыстар келіп жатыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Есіл» мейрамханасына қарама-қарсы бетте тұрған ғимараттың құрылысын аяқтап, оған «Достық үйін» көшіруді жоспарлап отырмыз. Қазір бұл мәселе қарастырылу үстінде.

Келер жылдың наурыз айынан бастап Петропавл халықаралық әуежайының ұшып- қону жолағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Ол үшін мемлекет қазынасынан қомақты қаржы бөлінбек. Бұл жұмыстар қыркүйек айына дейін жалғасады. Сондай-ақ, өңірде автомобиль жолдарын қалыпқа келтіру жоспарлануда. Жылына 700 шақырым жол инновациялық әдіспен жөнделмек. Осылайша, 4-5 жылдың ішінде облыстық маңызы бар жолдар қалпына келеді. Жиын соңында Солтүстік қазақстан облыстық ассамблеясының құрамы бекітілді.

Самат Джакупов.

Бұдан әрі оқыңыз