Мәдениет

Кішкентай көрермендер үлкен қуанышқа кенелмек

“Қысқы ойын немесе қаршақыздың туған күні” деп аталатын спектакльді саханалау үшін театр ұжымы Ресейден арнайы режиссер шақыртыпты. Андрей Мелентьевке жергілікті көрермен ежелден таныс. Қойылым режиссері бұл туынды кішкентай көрерменнің көңілінен шығады деп отыр.

Андрей Мелентьев -қоюшы режиссер.

-Қойылым өте қызықты бұрын соңды сахналанбаған, тіпті үлкендерге де көруге кеңес беремін. Себебі біз ақшақар мен аяз ата жайлы көп аңыздар мен ертегілерді білеміз. Бірақ оның қалай, қай қалада пайда болғаны жайлы біле бермейтініміз анық.

Қойылымда балалар қаршақызды жасайды. Кейін ақшақар мен жеткіншектер айырылмас достарға айналады. Олар бірігіп мыстан кемпірдің айлаларына қарсы шығады. Балаларға қар тазалаушы қол ұшын береді. Мұндағы аула тазалаушы рөлін Қазақстанның мәдениет қайраткері Андрей Зайцев сомдайды.

Андрей Зайцев- облыстық қуыршақ театрының әртісі.

 

-Бұл оқиғалар орман тұрғындарының басынан өтеді. Олар өмірдің қиындықтары мен қызықтарын бірге өткереді. Шындық жеңеді. Ал менің кейіпкерім аяз атаның немересімен қауышуына себеп болады.

Ертегінің айтар ойы- балдырғандарды жақсылыққа, еңбекқорлылыққа ең бастысы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын туындының тұсау кесері алдымыздағы айдың 24-іне жоспарланып отыр.