Спорт

Кикбокстан “Қызылжар” республикалық турнирі өз мәресіне жетті

Нұрлан Абдрахманов – бокстан БЖСМ директоры.

-Кәсіпқой кикбокстың ережелері бойынша екі минуттан 5 раунд болады. Бүгін 8 жұп өз кездесулерін өткізеді. Оның 6-уы бірінші орынға таласса, екеуі үшінші орын үшін бақ таластырмақ.

Финалдық бәсекелердің бірінде көк қолғап киген семейлік Бауыржан Құдайбергенов пен қызыл қолғаптағы солтүстікқазақстандық Айдар Зағыпаров шықты. Жерлесіміз өз кездесуін белсенді бастады. Аяқтарымен жиі жұмыс істеп, қолдарымен бірнеше соққылар жасады. Солтүстікқазақстандық спортшы шабуылдарын үдеткенімен, семейлік кикбоксышы тәжірибесі жағынан басымырақ екені байқалды. Кездесудің қорытындысы бойынша әділ қазылардың шешімімен Бауыржан Құдайбергенов алтыннан алқа тағында.

Бауыржан Құдайбергенов – ШҚО, Семей қаласы.

-Менің қарсыласымның жас шамалылығы мен тәжірибесінің аздығы көрініп тұр. Кездесуде бапкердің берген тапсырмасын толықтай орындадым. Қарсыласым жақындап шабуылдады, сол себептіде алшақтау тұрып соққылар бағыттадым. Бұл жарыста жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын.

Бұл кезедсуде бір жерлесіміз алтын ала алмаса, басқа солтүстікқазақстандық теріскейліктердің үмітін ақтады. Бірінші орын үшін таласқан Айбек Тулебаев шаршы алаңда павлодарлық Жандос Хамбаровпен кездесті. Екі минуттан 5 раундта қарсыласын соққыға жыққан жерлесіміз жеңімпаз атанды.

Айбек Тулебаев – СҚО, Петропавл қаласы.

-Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын. Қарсыласым осал болған жоқ. Дайындығы мықты болды. Бірақ менің күшім басЫмырақ болды. Енді алда әлем чемпионы атанып, еңбек сіңірген спорт шебері болғым келеді.

«Қызылжар» республикалық турнирінің қорытындысы бойынша тағы екі солтүстікқазақстандық Никита Сипягин мен Нұрсұлтан Жакупов алтыннан алқы тағынды. Ал Айдар Зағыпаров, Алексей Кривенко және де Владимир Рудак күміс жүлдені қанағат тұтты.

 

 

Риат Шони.