Білім

Дәуір тудырған тұлға

Рахат Әзімбаева, СҚО дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейінің мұғалімі.

-Әлем елдерінде қаншама қақтығыстар орын алуда. Осыған қарап кейінгі ұрпақ бейбіт заманда өмір сүрудің қаншалықты маңызды екендігін түсіну қажет. Біздің ел тәуелсіздік алып, талай жетістікке жетті. Мұның бәрі елбасымыздың арқасы.

Сынып сағатына биыл мектеп бітіргелі отырған оқушылар қатысуда. Алда оларды ҰБТ тапсыру, ЖОО-на түсу сынды маңызды сынақтар күтіп тұр. Осы тұста балалар үлкен жетістіктерге жету үшін ҚР-ның тұңғыш Президентінен үлгі алып, еліне елеулі болу үшін пайдалы іспен шұғылданғаны абзал.

Станислав Сичкарук, СҚО дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейінің оқушысы.

-Мен “Балалық шағымның аспаны” атты еліміздің тұңғыш Президенті туралы фильм көрдім. Онда Елбасымыздың балалық шағынан бері осы күнге дейін жүріп өткен жолы баяндалған. Мен сол фильмде Президентіміздің мектепте, одан кейін оқу ордаларында жақсы оқығандығын білдім. Ол да біз сияқты қарапайым отбасыдан шыққан. Нұрсұлтан Назарбаев тек таудай талабы мен ерен еңбегінің арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Біз оны үлгі тұтуымыз қажет.

Бүгінде Елбасының тапсырмасы бойынша 3 ауысымдық мектептер жойылуда. Шәкірттердің тегін білім алып, оқу үлгерімін жақсартуына бар мүмкіндік қарастырлған. Одан қалды оқу үрдісін жетілдіру мақсатында заманауи технологиялар енгізіліп, оқушылар халықаралық дәрежедегі пәнаралық олимпиадаларға қатысуда. Мәселен, СҚО дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейінің 3 оқушысы өткен оқу жылында әлем елдері арасында өткен зияткерлік сайыста жүлделі орындарға ие болған.

 

 

 

Берик Касен.