Білім

Жоғарғы санатты мұғалімдер тәжірибелерімен алмасты

Роза Саркен – Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектептің директоры.

-Өзім 6 айлық тәжірибеден өтіп жатырмын. Астанада көшбасшылардың курсында білім алудамын. Бүгін облыстық білім басқармасының қолдауымен республикалық семинар өткізіп отырмыз. Жиынға Қазақстанның түрлі қалаларынан арнайы сертификаттары бар ұстаздарды шақырдық. Біздің мектепте I және II санатты екі мұғалім III санатты 9 мұғалім бар. Олар бүгін өз білімдерімен бөлісіп, ашық сабақ өткізеді.

Аталмыш семинар № 43 мектеп кешенінде ұйыдастырылғандықтан, осы білім ошағының арнайы курстардан өткен мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, ұстаздар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ғалия Укиенованың 9 сынып оқушыларымен “Киіз үй” тақырыбында өткізген ашық сабағына қатысты. Жеткіншектер сабақ барысында киіз үйге қатысты сөйлемдерді морфологиялық, синтаксистік тұрғыда талдады. Әріптестері Ғалияның сабағынан үлкен әсер алды.

Олжас Жақыпов- Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің география пәнінің мұғалімі.

-Осы сертификатталған мұғалімдер өз сабақтарын көрсетіп жатыр. Солтүстік қазақстандық 3 деңгейлі мұғалімдердің қандай әдіс-тәсілдерді меңгергенін біз осы ашық сабақта байқадық. Сабақ барысына келсек сабақтары өте тиімді өтіп жатыр. Мұғалімдер мен қатысушыларға өте пайдалы.

Петропавл қаласында сертификат иеленген ұстаздар жылдан-жылға көбеюде. Бұл білім беру сапасының артуына үлкен жол ашып отыр.

Күлпаш Калгужина- СҚО білім басқармасының жетекшісінің орынбасары.

 

-Солтүстік-Қазақстан облысының мектептерінде бүгінгі күні 1800ден астам мұғалімдер 3 деңгейлі курста өтіп балаларға білім беруде. Облыс, аудан және республика бойынша мұндай семинарлар әрдайым ұйымдастырылып отырады.

Ал семинардың қорытынды бөлімі талқылау жұмыстарына арналды.

Ақбөпе Тәңірберген.