Білім

“Жүзден жүйріктің” жеңімпаздары

Нәтижесінде 63 педагогтың ішінен қазақ тілі және әдебиет пәнінің тек 14 ұстазы ғана марапатқа лайық деп табылды. Солардың қатарында Досжан Нұрсейітов те бар. Айыртау ауданының Имантау ауылдық орта мектебінің ұстазы осымен екі жыл қатарынан бас жүлдені қанжығасына байлап жүр. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргеніне небары 3 жыл болған Досжан ғаламтор арқылы бейнебайланысқа шығып өзге оқушыларға сабақ беріп тұрады. Оның қолға алған бұл жобасын қазылар алқасы жоғары бағалаған.

Досжан Нұрсейітов, Имантау ауылдық орта мектебінің оқытушысы, Айыртау ауданы.

-Шетелдерден де оқушылар бейнебайланысқа шақты. Олар қазақ тілін меңгергісі келетіндіктерін айтты.

Досжаннан өзге тағы 4 мұғалім сертификат алды.

Жанар Әбілова, Ә. Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқытушысы.

-Байқауда 4 кезеңнен өттік. Тест сұрақтарына жауап бердік, ауызша сұрақтар болды. Соңғы кезеңінде өз жобамызды қорғадық.

Ал, Қылыжар ауданының Бескөлмектеп-гимназиясының оқытушысы Әлішер Мұқашев болса ІІ дәрежелі дипломды місе тұтты. Ұлағатты ұстаз елбасының бізге жүктеген міндетін орындауда осындай байқаулардың берері мол. Тәжірибеміз шыңдалады дейді.

Әлішер Мұқашев, Бескөл мектеп-гимназиясының оқытушысы, Қызылжар ауданы.

-Елбасы бізге үлкен тапсырма қойып отыр. Оны атқаруға біз дайынбыз.

ІІІ дәрежелі дипломдар да өз иелерін тапты.

Мұғалімдерге қазылық еткен жандарда біліктілікті арттыру институты директорының алғыс хаттарын алды. Жиын соңы әсем әнге ұласты.

 

 

Бану Ахметова.