МТРА жаңалықтары

“Еңбек адамы” облыстық байқауы қорытындыланды

Асхат Алданғаров – байқау жеңімпазы, Тайынша қаласы.

-Осындай байқаудың ұйымдастырылғаны – жақсы бастама. Алдағы уақытта жалғасын табатынына үміттімін. Өйткені, бұл жастарды кәсіби жағынан дамуына, еңбек етуге серпін береді. Сайыс қиын болды, бірінші – іріктеу кезеңінде барымды салып, өзімнің шеберлігімді жан-жақты көрсетуге тырыстым.

“Еңбек адамы” байқауы өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Екі кезең бойынша – аудандық және облыстық деңгейде өтті. Оның жеңімпаздары бүгін қалалық мәдениет үйінде марапатталды. 5 аталым бойынша барлығы 30-ға жуық адам сынға түскен. А

Данияр Әбутәліп – СҚО жастар бастамалары орталығының басшысы.

-Біздің қатысушылар – жұмысшы жастар өздерінің еңбек өтілімі бойынша, қалай жұмыс істегендері туралы презентация жасап комиссия мүшелеріне көрсетіп, солардың арасынан таңдау жасадық.

Марапаттау жиынына жеңімпаздарды құттықтау үшін еңбек ардагері Геннадий Языков келді. Ол 50 жылдан астам құрылыс саласында жұмыс істеген екен. Геннадий Языков облыстың дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтардың бірі.

Геннадий Языков – еңбек ардагері.

-Менің ойымша, егер осындай сайыстар шынында да адамның жұмыс істеуге деген құлшынысын арттыра түссе, онда байқаудың бекер өтпегені. Еңбек – адамның көркі, ол оның дене бітімі мен ойлау қабілетінің дамуына септеседі.

 

 

 

Данаш Хамзина.