МТРА жаңалықтары

Қарағаш ауылында жаңа мешіт ашылды

Ержан қажы Малғажыұлы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы.

-Алла тағала қасиетті Құран кәрімде былай дейді: шындығында алланың үйін мешітті кім салады дейді? Аллаға иман келтірген адам салады дейді. Расындада Алла білуші, кімнің жүрегінде иман бар ақыретке сенген адамды жүректегіні тек Алла білуші. Соғанғана Алла тағала осы дүниеде мешіт салуды нәсіп етеді. Мешіт салған адамды Алла тағала құран крәмде мақтап кетті.

Бұдан соң облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ауыл жамағатын жаңа мештіпен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Айдарбек Сапаров – Облыс әкімінің бірінші орынбасары.

-Баршаңызды облыс әкімі Ерік Хамзаұлы Сұлтановтың атынан Қарағаш ауылында ашылып жатқан жаңа мешітпен шын жүрегімнен құттықтаймын. Кеше ғана өткен совет үкіметі кезінде осындай ауылдарда мешіт саламыз деп ойымызда да болмаған. Ата-бабаларымыз аңсап кеткен еді. Бүгін сол кісілердің арманы орындалып отыр. Жоғары деңгейде жұмыстар жүріп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында дініміз, тіліміз дамып, экономикамыз көтеріліп, әлемге танымал болып жатырмыз.

Айдарбек Сапаров облыс әкімінің атынан жаңа тұрғызылған мешітке компьютер сыйға тартты. Бұдан соң ғибадатхананың таспасы салтанатты түрде қиылды.

Жұмжұма молда атындағы мешіттің жалпы аумағы 120 шаршы шетрді құрайды. Іші мұсылмандық нақышпен безендірілген. Көздің жауын алады. Құрылысы биылғы жылдың шілде айында басталған болатын. Алла үйіне бас аяғы 50 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалыпты. Оны Жұмжұма молданың немересі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қарағаш ауылының тумасы Жабал Ерғалиев жеке қаржысына тұрғызған. Айта кету керек бұл облыстағы 66-ші мешіт.

Жабал Ерғалиев – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Жұмжұма молданың немересі.

-Мен баспасөз саласында 38 жыл қызмет істеп Сенатқа сайланған депутатпын. Осы 38 жыл ішінде өзімнің басыма баспана салған жоқпын, астыма көлік алған жоқпын. Дүние байлық жинаған жоқпын, рухани байлықтан басқа. Сондықтан осы шын көңіліммен, адал ниетіммен, адал көңіліммен осы мешітті салдым. Осы бірінші осымештті салуға бірінші бір алланың жарлығы шығар, екіншіден осыған қолдау бітірген елдің азаматтарына ризашылығымды білдіремін.

Қарағаш ауылында бүгінгі күні 200-ден астам үй түтін түтетіп отыр. Мыңнан астам халқы бар. Осыған дейін олар жай ғана үйді намазхана қылып, құлшылық жасап келген. Ауыл тұрғындары енді зәулім мешіт салып берген азаматқа алғыс – тілектерін жаудырып, ризашылықтарын білдіруде.

Салтанатты ашылудан соң зиялы қауымға жаңа мешітте алғашқы уағыз айтылды.

Самат Қайырденұлы – Тілші.

-Қасиетті жұма күні ашылған мына мешіт, Қарағаштықтарға тосын сый болды. Енді имандылыққа бет бұрып, құлшылық жасап, бес уақыт намаз оқимын деген жамағатқа мешттің есігі әрдайым айқара ашық болмақ.

 

 

Самат Джакупов.