Қоғам

Петропавлда ауаның ластану көрсеткіші орташа деңгейден сәл төмен

Оксана Гордиенко, “Қазгидромет” РМК СҚОФ метеорологиялық болжау зертханасының жетекшісі.

-Қаламызда ауаға ұшқан зиянды қалдықтардың мөлшерін ұстап қалатын 3 бекет бар. Оның 2-уі стационарлық жағдайда жұмыс істейді, яғни ескіше қолмен басқарылады. Ал, біреуі автоматтандырылған. Биыл тағы қаланың солтүстігіне су жаңа жапондық автоматтандырылған бекет орнатпақшымыз.

Қаланың ауасы негізінен жылу электр стансалары, өндіріс ошақтары мен құрылыс нысандарының көптеп салынуы салдарынан ластанады. Бүгінде мамандар атмосфералық жағдай қалыпты. Ауаның ластану көрсеткіші орташа деңгейден сәл төмен дейді. Біздің өңірде ірі зауыт-фабрикалар жоқ. Сәйкесінше, ауаны ластайтын элементтер де біршама аз.

Ольга Чумакова, “Қазгидромет” РМК СҚОФ метеорологиялық болжау зертханасының инженер-химигі.

-Зертханада күкірт деаксиді, азот деаксиді, фенол, фармалдегид сынды ауа ластағыш 7 элеметті химиялық жолмен зерттеп, анықтаймыз. Аталған зиянды қалдықтар біздің өңірде көп кезедеседі.

Әсіресе, қысқы жылыту маусымында пеш жаққанда ауаға оксидант заттары көп тарайды екен. Ол адамның ағзасын улап, тыныс алу жүйелерін зақымдайды. Демікпе пайда болады.

 

 

 

Берик Касен.