МТРА жаңалықтары

Оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру

Нұрлан Садықов, СҚО білім басқармасы жанындағы білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

-Елбасымыз сонау тоқырау жылдарында елді тығырықтан алып шыққан бірегей тұлға. Президентіміз өз қызметі арқылы елдер мен халықтарды, мәдениеттер мен менталитеттерді жақындастырып келеді.

Онлайн тәртібіндегі дөңгелек үстел отырысына қатысушылар Елбасының сарабдал саясатын, Қазақстандағы ұлтаралық татулық жайында сөз етіп, оны нығайтудың маңызы туралы өз пікірлерін білдірді.

Рашид Надиров, “Барбанг” күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы.

-Еліміз тәуелсіздік алғалы бері біз ауыз толтырып айтарлықтай жақсы жетістіктерге қол жеткіздік. Соның ішіндегі ұлтаралық татулықты атауға болады. Біз қазір өзге елдерде ішкі алауыздықтың көп болып жатқандығын көріп отырмыз. Мен сол елдерде жалпыұлттық мәселе дұрыс шешілмеген деп ойлаймын.

Жиынға қатысушылар осындай тәрбиелік маңызы бар шаралардың мәнісін оқушыларға жеткізіп, ел келешегі – жастардың бойына жалпыұлттық құндылықтарды сіңіре аламыз дейді.

 

 

 

Берик Касен.