Спорт

Өңірде кикбоксингтен ашық республикалық турнир өтуде

Бауыржан Құдайбергенов – кикбоксшы, Шығыс Қазақстан облысы.

-Бұл шайқастағы қарсыласым жас және өте шебер спортшы болды, Атырау қаласының. Бір-бірімізді жақсы танимыз. Сондықтан да қай жағымыз мықты қай жағымыз осал жақтарын білеміз. Жекпе-жек тартысты өтті деп ойлаймын.

Сондай-ақ, бұл сайыста екінші болып шаршы алаңға, 57 келі салмақта Жандос Назарбеков пен Жабай Ахметов шықты. Бұл кездесуде жерлес кикбоксшы Атырау қаласының спортшысынан басым түсті. Жалпы чемпионатта еліміздің Павлодар, Семей, Көкшетау, Атырау мен теріскейлік 30-ға жуық кикбоксшы шеберлігін көрсетіп, 3 күн бойына өз араларында мықты спортшыны анықтауда.

Сабыржан Сақтағанов – жарыстың бас төрешісі.

-Кикбокстан “Қызыл-Жар” ашық республикалық турниріне қатысушы спортшылардың саны жыл санап артып келеді. Айта кетсек, чемпионат 2000 жылдан бері ұйымдастырлып келеді. Осы жылғы жарыста 57, 60, 63, 71 және 81 келі салмақта 18 жастан жоғары спортшылар жұдырықтасатын болады.

Кикбоксингтен ерлер арасындағы “Қызыл-Жар” ашық республикалық турнирінде “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атанғандары – кубок және ақшалай сыйақымен марапатталатын болады.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.