МТРА жаңалықтары

Салық міндеттемесін орындау – салық төлеушінің борышы

Данияр Жаналинов – СҚО бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің жетекшісі.

-Бүгінгі күні Үкіметте бірқатар реформалар жүргізілді. Яғни бірқатар министрліктер мен комитеттер қысқартылды. Осы семинарды біз жаңа құрылған комитеттің қандай жұмыстары, қандай бағыттары көрсетілетінін біз таныстырайық деп отырмыз.

Дөңгелек үстелге негізінен бизнес саласының өкілдері қатысты. Жиын барысында кәсіпкерлер жаңа департамент жетекшісіне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Нэлли Кукушкина – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры.

-Кәсіпкерлер палатасы, бизнесмендер мен мемлекеттік органдар арасындағы көпір іспеттес. Біздің ұйымның жұмыс істеп жатқанына 1 жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта өңір кәсіпкерлерінен 1800-ден астам өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі, салыққа қатысты. Себебі көптеген органдардың қысқартылып, біріктірілуіне байланысты бірқатар заңдарға өзгертулер енгізілді.

Рамиль Мухаметов – «СҚО сауда палатасы» ҚБ төрағасы.

-Бүгінгі шара уақытылы ұйымдастырылып отыр деп ойлаймын. Өйткені қазіргі таңда кәсіпкерлер тарапынан көптеген сұрақтар туындап отыр. Жиында бізді қызықтырған мәселелер көтерілуде. Осының арқасында бизнесмендер қоғамда болып жатқан жаңашылдықтармен таныс болады.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында салық жүйесіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайы да сөз болды. Жалпы мұндай кездесулер алдағы уақытта аудан орталықтарында өткізілетін болады.

 

 

 

Самат Джакупов.