Қоғам

“Рахат Лукум” өндіріс ошағы инвесторлар форумына қатысады

Ирина Аубакирова, “Орымбаева” ЖК кондитері.

-Біздің ұжым бәрін келісіп жасайды. Қызметкерлеріміз өз біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. Кәсіпорнымыз бір орында тұрған жоқ. Үнемі даму үстінде. Тәттілердің түрін де сұраныс бойынша көбейтудеміз. Бір адам мұнда шамамен 40-50 торт дайындай алады.

Мұнда ай сайын 1 млн теңгенің кондитерлік өнімдері дайындалады. Тәттілер кәсіпорынмен келісім-шартқа отырған қаламыздағы дүкендер және сауда үйлеріне жеткізіледі.

Бану Ахметова, тілші.

-Солтүстікқазақстандықтардың дені тәтілердің жеміс-жидек қосылғанын көптеп тұтынады. Сондықтан мұндағылар кондитерлік өнімнің осындай түрін көптеп дайындайды. Мәселен күніне жеміс-жидек қосылған пирожндардың 50 шақтысы пісіріледі.

Петропавлда 28 қарашада инвнесторлар форумы өтеді деп жоспарланған. Бұл ауқымды шараға шетелден де кәсіпкерлер келмекші. Сондықтан да солтүстікқазақстандықтар өз мүмкіндіктерін пайдаланып қалғысы келеді. Мәселен аталған кәсіпорын форум барысында өтетін көрмеге тәттілердің 10 түрін дайындап, жұртшылық назарына ұсынсақ дейді.

Служан Орымбаева, “Орымбаева” ЖК директоры.

-Қаладағы кондитер нарығында жүргенімізге жазда 10 жыл болады. Осы уақытта біз көптеген байқаулар мен шараларға қатыстық. Грамота және дипломдармен марапатталдық. Біз үшін ең салмақтысы – “Алтын сапа” байқауында 2 орын алғанымыз болды. Алдағы форумға да қатысуды жөн санадық. Бұл біздің кәсіпорнымыздың ел көлемінде филиалдарын ашуға септеседі деп ойлаймын.

Кәсіпорынның алдағы жоспарлары ауқымды. Өндіріс орнын кеңейтуді жоспардап отыр. Ол үшін мемлекеттің қолдауына жүгінсек дейді.

 

 

 

Бану Ахметова.