Білім

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері білім мен біліктілік сайысына түсті

Әлібек Забенов, Ольгинка негізгі мектебінің мұғалімі, Шал ақын ауданы.

– Шал ақын ауданынан 7 ұстаз қатысып отыр. 1 кезеңнен өтіп, облыстық кезеңге келіп отырмыз. Барлық үміткерлерге сәтілік тілеймін, табыстың тұғырынан, жеңістің биігінен көрінсін.

Диана Зораева, Егінді-Ағаш орта мектебінің мұғалімі, Айыртау ауданы.

– Жүзден жүйрік байқауына бірнеше жылдық еңбек өтілі бар мұғалімдер тәжірибе алмасып, шеберлдігімді дамыту үшін келдім.

Саксафон, барабанын асынған ҚР Ұлттық ұланы әскери институтының оркестрі отандық, шет елдік композиторлардың шығармаларын орындап, маңызды сайыстың алдында өңір ұстаздарын демеп жіберді. Осыдан кейін тәлімгерлер орындарынан тұрып, “Өрлеу” біліктілікті арттыру институтының әнұранын шырқады. Оның сөзі мен әнін жергілікті ұстаздар өздері жазыпты.

Білімін тәжірибемен шебер ұштастыратын ұстаздарды тіл және әдебиет институтының директоры қолдады.

Жанар Таласбаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Тіл және әдебиет институтының директоры.

-Сіздер үлкен жауапкершілікпен дайындалып келгендеріңізді байқадық. Байқауда жеңіс, еңбекте толағай табыс тілеймін.

Облыстық “Жүзден жүйрік” байқауына қатысушының кәсіби шеберлік деңгейі 3 кезең бойынша сыналады. 63 үміткер қазақ тілі мен әдебиетінің теориясын біліп қана қоймай, оны әдістемемен сабақтастырып, жетілідіре білу тұрғысында мықты болу қажет дейді ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы бойынша әрқайсысы өзінің талабы мен талантына қарай 1,2,3 дәрежелі диплом мен сертификатқа ие болады.

 

 

 

Берик Касен.