Ауыл шаруашылығы

Өңірде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы оңтайлы жүзеге асуда

Қайыржан Рамазанов – «Рамазанов» ЖК директоры.

-Ауылда тұрған соң мал ұстау қажет. Сондықтан, екінші жыл қатарынан осы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, шаруашылығымды кеңейту үстідемін. Демеу қаржының арқасында мал басын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқа сатып алдым. Оған бөлінген субсидияға қажетті жем-азық қорын дайындадым. Қазіргі күні екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын.

Жаз мезгілінде бұл сиырлардан жеке кәсіпкер күніне 400 литрге жуық сүт алады екен. Сауын маусымының қысқарғанына байланысты, қазіргі күні көрсеткіш 100 литрді құрап отыр. Өнімді сүт қабылдау орталығына өткізеді. Одан түскен пайдаға қожалық басшысы биыл 600 бас қаз сатып алыпты.

Қайыржан Рамазанов – «Рамазанов» ЖК директоры.

-Құсты шілде айында алған болатынмын. Қазір оның 460-ы қалды. Бір-екі айдан соң етін сатылымға шығарамын. Себебі, құс етіне қашанда болсын сұраныс бар. Бағасы да көңілге қонымды. Пайда көруге болады.

Жалпы “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы аясында Қызылжар ауданында биыл 44 азаматтың бірі өз кәсібін ашса, енді бірі қолданыстағыларының ауқымын кеңейтіп отыр. Осының арқасында екі қолға бір күрек іздегендер тұрақты еңбекпен қамтылу мүмкіндігіне ие болуда.

Нұрлан Сұлтанғазин – Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің басшысы.

-112 миллион 500 мың теңге ақша несие бірілді. Мал шаруашылығына 31 адам алды да қалғаны 13 адам кәсіппен өнідіріске алды. Қызығушылық танытқандар саны жылдан -жалыға артқан сайын, мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі де ұлғайып келеді.

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан өз ісін ашамын дегендерге қашанда қолдау бар. Оны пайдаланғандардың салдары суға кетпесі анық.

 

 

Самат Джакупов.