Қоғам

Есірткі бизнесіне қарсы күрестің алдын алу шарасы мектептерде де жүруде

Бейнефильмдерді тамашалаған ата-аналар көргендерінен үрейленгендерін жасырған жоқ.

Марина Пургина – ата-ана.

-Мен бейнефильмдердегі кадрларды көргенде өз баламның нашақорлар қоғамына түсіп кетпеуін тіледім. Біз ата-ана болғандықтан, өз балаларымызға көп көңіл бөліп, жақсы тәрбие беруіміз қажет.

Петропавл қалалық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Диана Смағұлованың айтуы бойынша, жасөспірімдер есірткіні қолдануды дүдәмал ортадан бастайды. Бұл арқылы олар батылдыққа тексерістен өтіп, өзгенің көңілінен шығуға тырысады.

Диана Смағұлова – СҚО ІІД Петропавл қалалық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі.

-Бүгінгі шараның мақсаты ата-аналарға өз балаларына жақсы тәрбие беруді айту. Және де жасөспірімдердің жаман әдеттерге еліктемеуін жеткізу болып табылады.

Петропавл қалалық ІІБ қызметкерлері оқушылармен және де олардың ата-аналарымен бірге мұндай кездесулерді алдағы уақытта да өткізіп тұрмақ.

 

 

Риат Шони.