Без категории

2015 жылы тың және тыңайған жердің игерілгеніне 60 жыл толады

Аслан Нехай, алғақы тың игеруші.

-Сол кез есімде, Краснодар қаласынан 12 вагонға толы адам келді. Әр вагонда шамамен 50-ден астам адам болды. Эшалон Булаев бекетіне келіп тоқтады. Олар жақын маңдағы 3 совхозға жайғастырылды. Қазақтар сол кезде бізді бөтенсінбей, қонақжайлықпен құшақ жая қарсы алды. Жатырқамай 2 апта үйлерінде қонақ қылып, төріне шығарды. Мен олардың бұл жақсылығын өле-өлгенше ұмытпаймын.

Тың игеру жылдарында сан ұлттың өкілі жік-жікке бөлінбей, бәрі үлкен жауапкершілікті сезініп, елдің ертеңі үшін аянып қалмады. Егін екті, бала өсірді, үй салды.

Аслан Нехай, алғақы тың игеруші.

-Біздің кезімізде соғыстан кейін есін енді ғана жия бастаған елдің жағдайы тым нашар болатын. Адамдар жұтаң, жейтін азық-түліктері болмады. Елдің түкпір-түкпірінде қаншама ғимараттар мен үйлер қирап жатты. Бұл тығырықтан шығу үшін үлкен қалаларда ауыл шаруашылығына қажетті ауыр техника құрастыратын зауттар көптеп салына бастады. Тың игерудің арқасында жолдар төселді.

Келесі жылы тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 60 жыл толады. Бұл науқан – кеңес одағының құрамына енген елдерге ортақ оқиға. Сондықтан оны кейінгі ұрпақ жадында ұстап, аға толқынның бірнеше жылдар бойы жинақтаған этносаралық бай тәжірибесін жоғалтпай, одан сабақ алуы тиіс.

Асхат Ермеков, Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің студенті.

-Мен елдің ертеңі үшін қажыр-қайратын жұмсаған адамдарға алғысым шексіз. Солардың арқасында қаншама үйлер мен жолдар салынып, ел эконмикасының тамырына қан жүгірді.

Осындай шаралардың елімізде жиі өткізілуі ел бірлігін одан әрі нығайтуға сеп болары сөзсіз.

 

 

 

 

Берик Касен.