Мәдениет

Теріскейлік сахнада комедиялық қойылым көрерменге жол тартты

Болат Мамытбеков – С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі.

-Маған берілген кейіпкер “Рони Уорзингтонның” рөлі. Яғни қызғаншақ, қызуқанды, адуынды. Әр образдың өзінің қиын, күрделі жағы мен тұстары болады. Қаншалықты осы “Рониді” аша алдым. Қаншалықты оның бейнесін көрсете алдым, көрерменннің еншісінде. Сыншы сол көрермен.

“Нөмір 13” комедиясының авторы – ағылшын драматургі Рэй Куни. Күлкі мен шытырман оқиғаға толы спектакльді өнер ұжымының 10 әртісі сомдап шықты. Көрерменге жол тартқан комедияның қоюшы режиссері – алматылық Ержан Қаулатов. Айта кету керек, пьеса осыған дейін еліміздің бірнеше қалаларының өнер ордаларында сахналанған.

Ержан Қауланов – “Нөмір 13” комедиясын қоюшы режиссер.

-Бұл пьесада 10 әртіс ойнайды. Жанры – комедия. Жұмыс жасағанымызға 1 айдай болды. Бірақ та уақыттың аздығынан, көп жерлерін жасай алмадық. Сонда да тырысып, шығарып жатырмыз. Бұл театрда маған ұнағаны әртістердің жұмысы, өздерінің рөлдеріне кәсіби түрде қарағаны, өздерінің ынтасы. Бір жағынан спектаклдің сәтті шығуына осы себеп болды.

Театр актерлерінің табиғи таланты мен кәсіби шеберлігіне көрермен қауым тәнті болды. Екі бөлімнен тұратын комедияны тамашалаған жұртшылық, қойылым соңында өздерінің ризашылықтарын білдірді.

 

 

Бакыт Садуакасов.