Өнеркәсіп

“Мұнаймаш” АҚ инвесторлар форумына қызу дайындалып жатыр

Сергей Литвинов, “Мұнаймаш” АҚ техникалық директоры.

-Биыл кәсіпорын екі тауар түрін шығаруды меңгерді. Ол мұнай-газ ұңғымасын жуып-шаю және жылыту кешені деп аталады. Бұл ұңғымалы насостардың жұмысын арттырып, сапаландыра алады. Негізінде ұзақ мерзімді келісім-шарт аясында шығарылуда. 3 жылға шамамен 250 млн теңгеге келісімшарт жасалды.

Жыл соңына дейін мұндағылар мұнайгаз ұңғымасын жуып-шаю және жылытуға арналған 48 кешенді жөнелтуді жоспарлап отыр. Бұл үшін зауыт бар күші мен қауттылығын пайдалануда.
Ал, жыл басынан бүгінге дейін 3 жарым млрд. теңгенің тауары өндіріліпті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 5 пайызға артық. Өнімдерді шығаруда жұмысшылардың күші мен заманауи құрылғылардың көмегінсіз болмайды.

Бану Ахметова, тілші.

-Мұндағы қызметкерлердің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалнған. Зауыт жаңа үлгідегі заманауи құрылғылармен жабдықталған. 2012 жылы мұнда 12 станок сатып алынды. Оның барлығы автоматтандырылған. Бұл өз кезегінде жұмысшылардың қызметін жеңілдететіні сөзсіз.

Жалпы зауытта бүгінде 160-қа жуық адам еңбек етеді. Орташа жалақы 130 мың теңгені құрайды. Николай Васильев жаңа мұнай сорғыштарына арналған бөлшекті жасауға арналған станоктардың бірін басқарады. Мұнда еңбек еткеніне 7 жылдың жүзі. Бастапқыда токарь болып еңбек етіпті.

Николай Васильев, “Мұнаймаш” АҚ операторы.

-Жұмысым төзімділік пен ұқыптылықты қажет етеді. Зауыт өзге кәсіпорындарға қарағанда көш алда келеді. Жуырда Елбасы кезекті жолдауын жариялады. Онда кәсіпорындардың дамуына жағдай жасалынатыны айтылды. Бізге жүктелген тапсырмалар да бар. Оларды орындауға әзірміз.

Зауытта жұмыс қызған. Сонымен қатар, өндіріс ошағы өңірімізде өтетін инвесторлар форумына да дайындалып жатыр. Шара 28 қазанда өтеді деп жоспарланған. Форумға келетін инвесторларға арнап мұнда стенд жасалыныпты. Ақпараттық қабырғада зауыт шығаратын өнімдер көрсетілген. Бұлар форум барысында өтетін көрмеге де қойылмақ.

Сергей Ерофеев, “Мұнаймаш” АҚ басқару төрағасының орынбасары.

-Инвесторлар форумының өткізілуі кәсіпкерлер үшін пайдасы зор деп ойлаймын. Өйткені, жан-жақтан жиналған инвесторлар өз мүмкіндіктерін көрсетеді. Сондықтан біз де аянып қалмау керекпіз. Нәтижесінде көп шетелдік компаниялармен келісім-шартқа отыра аламыз. Мәселен әлемде көшбастап келе жатқан испандық “Ампо” фирмасымен келісім-шартқа тұрдық. Олар біздің өндірісімзбен танысқан. Аталған фирманың өкілдерін де форумға шақырттық.

Сондай-ақ, зауыт алдағы уақытта темір жолдарға арналған ауытқу кертартпаларын меңгеруді жоспарлап отыр.

 

 

Бану Ахметова.