Қоғам

Өңірдің іскер әйелдері Елбасы Жолдауын талқылады

Бақытжан Сәмиева, СҚО іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы.

-Елбасы халықтың жағдайын ойлап “Проблемалы несиелердің” мәселесін бір жақты ету үшін ұлттық қордан қосымша қаражат бөлді. Мұны халық түсініп, мемлекетке алақан жая бермей, әр азамат елдің ертеңі үшін білек сыбана қызмет етуі тиіс.

Елдің қамы үшін ертерек жарияланған стратегиялық құжат алдағы 5 жылда жүзеге асып, тұрғындардың әл-әуқатын арттырмақ. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына әр маман иесі жауап береді.

Шарғия Мұқышева, қалалық № 20 орта мектептің директоры.

-Біздің ел ата-бабамыздан қалған Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртпақшы. Болашақта республикалық, халықаралық маңыздағы жолдар қайта күрделі жөндеуден өтеді. Сол арқылы елде шетелдіктермен үлкен сауда жанданады. Экономикамызға қосымша инвестиция түседі.

Біздің мемлекет те өзге елдер сияқты сыртқы жаһандық факторларға тәуелді болып тұр. Сондықтан біз жұмыла күш болып, ел ішіндегі ахуал мен тұрақтылықты нығайта түсуіміз қажет.

 

 

Берик Касен.