Қоғам

Облыстың зиялы қауымы қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесін талқылады

Дәулет Әшімхан – “Дегдар” қоғамдық келісімді қолдау қорының төрағасы.

-Бүгін Петропавл қаласында “Дегдар” қоғамдық келісіміді қолдау қоры “мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде” атты қоғамдық тыңдау өткізіп отыр. Бұл кездесудің мақсаты – Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткерлерімен кездесе отырып, тілдерді дамыту бойынша ұсыныстарды жинау және оларды қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне табыстау болып табылады.

Жиынға қатысқан зиялы қауым өкілдері қазақ тілінің деңгейін көтеру мақсатында өз ойларымен бөлісіп, түрлі ұсынысын білдірді.

Гүлнәр Ахметжанова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің кіші ғылыми қызметкері.

-Бүгінгі таңда қазақ тілі – өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтанда, өткізіліп жатқан кездесудің маңызы зор. Менің ойымша, бірнеше күннің ішінде барлық құжаттарды қазақ тіліне аудару мүмкін емес. Сондықтан барлық мамандар бірігіп кешенді жұмыстар атқаруы қажет.

Барлық өңірлерді аралаған соң, “Дегдар” қоғамдық қолдау қорының өкілдері желтоқсан айында Астана мен Алматы қалаларында өтетін республикалық конференцияға қатысуды жоспарлап отыр.

 

 

 

Сагыныш Маркашева.