Қоғам

Облыс орталығында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жедел сатылар жөнделуде

Сайран Хамзин – қалалық мәслихаттың депутаты.

-Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы басталғалы бері 19-ы ықшам ауданда 8 баспананы күрделі жөндеуден өткіздік. Оның алтауында лифтер қайта жаңғыртылды. Қазір тағы 8 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 4-уі жатақхана. 19-шы ықшам ауданда 10 тұрғын үй жөндеу жұмыстарын талап етеді. Онда үш үйде жеделсатылар істен шыққан.

Құны 6 млн. теңгеге жуық жеделсатыны аталмыш бағдарламаның аясында Хименко 1 мекен жайының тұрғындары 4 бірдей подъезде орнатыпты. Енді олар 8 жылдың ішінде ай сайын 2000 теңгеге жуық қаражат төлейтін болады.

Алексей Сулимов – “Семейный” ПИК төрағасы.

-Бұл үйдің бой көтергеніне 30 жылдан асты. Бүгінде мұнда 287 пәтер бар. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 4 бірдей лифтіні орнатуды жөн көрдік. Бұл жұмыстарды сапалы әрі жылдам атқарған “ТехноСиб” ЖШС-не алғысымда айтамын. Аталмыш бағдарламаның шеңберінде келер жылы 7-ші подъездің шатырын жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Лифтарды орнату жұмысымен айналысқан “ТехноСиб” ЖШС-і бар жұмыстарды екі ай ішінде тындырып, бүгінде жеделсатылар халықтың қолданысына берілген. Жалпы белорустық қондырғылар толығымен автоматтандырылған.

Самат Оразалин – “ТехноСиб” ЖШС директоры.

-Дәл қазір біз лифтың жүрегі саналатын машиналық бөлімде тұрмыз. Ол толығымен электроникамен жабдықталған. Жеделсатыға 5 адам сияды. Ол 400 кг. салмақты көтеруге қауқарлы. Жылдамдығы 0,63 м/с. 1,5 жылға кепілдік беріледі. Ал жалпы қолданыс мерзімі 25 жылға дейін қарастырылған.

Жалпы үстіміздегі жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 700 млн. теңгеден аса қаражат бөлінген. Қазір аталмыш бағдарламаның шарапатын 50-ге жуық баспана иесі көруде.

Сәкен Өтебаев – тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы.

-Петропавл қаласы бойыша барлығы 290 лифт жұмыс істейді. Оның 52-сі өзінің нормалық 25 жыл қолданыс мерзімін атқарып, күрделі жөндеуді талап етуде.

Ағымдағы жылы қаламызда лифты ауыстыру шараларына 8 тұрғын үй қатысып, 15 жеделсаты толығымен ауыстырылған.

 

 

Риат Шони.