МТРА жаңалықтары

Елбасы жолдауын М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы талқылады

Зылиха Бимақанова – тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының доценті.

-Ұлттық идеямыз- Мәңгілік ел. Сол ұлттық идеяның түп қазығы ретінде алынып отырған жол деп танимыз, нұрлы жолды. Стратегиялық бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды орындауда біздің оқытушыларымыздың барлығы дайын деп ойлаймын.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бүгінгі күні теріскейде білікті мамандарды даярлайтын теңдесі жоқ жоғары білім ошағы. Қазіргі таңда мұнда бес мыңға жуық студент, 50-ден астам мамандық бойынша білім алады. Жылына кем дегенде университет қабырғасынан мыңға жуық түлек қанат қағады екен. Жастар, білікті маман ғана ертеңгі күні мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосатындығын жақсы түсінеді. Себебі Елбасы кейнгі толқынға зор сенім артты.

Байназар Молғаждаров – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Жолдауды көрдім. Және Президентіміз бір сөзінде Қазақстанның алтын қоры ол жастар деп айтты. Жоғары оқу орнында оқып жатқан соң біз осы білікті маман болып шығуымыз керек. Және Елбасының бізге артқан үмітін ақтап, одан әрі дәрежелі жұмыстарды атқара беру қажет.

Жиынға қатысушылар стратегиялық құжатта көтерілген негізгі басымдықтарға кеңінен тоқтады. Себебі Елбасының биылғы Жолдауы жаһандық қаржы дағдарысынан аман өтудің тиімді жолы екені сөзсіз.

 

 

Самат Джакупов.