Қоғам

Биыл Тимирязев ауданында 1 сібір елігі заңсыз ауланды

Көлікті тінту барысында жүк салғышында бұдан бөлек аңшы мылтығы мен жарық беруші құрылғылар табылды. Тәркіленген айғақ заттар Тимирязев аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Бүгінде браконерлерге әкімішілік жаза қолданылады. Олар 1 сібір елігін заңсыз атып алғаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш, ал мемлекет қорығына залалы келтіргені үшін ел қазынасына 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айппұл төлеуге міндеттелді.

Еске салайық, бүгінде елік, қоян, түлкіні аң аулаңға жолдамасы бар тұрғындар ғана аулай алады. Сондай-ақ, көлікпен аңшылық құруға рұқсат етілмеген. 3 елік атқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жанболат Үмітбаев, Сергеев мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінің аңтанушысы.

-Броконерлер елікті қарашаның 9-ы атып алды. Олар бізді көргенде қаша жөнелді. Бірақ, біз оларды куып ұстап, көлік жүк салғышынан, 1 сібір елігі мен аңшы мылтығын таптық.

 

 

 

Берик Касен.