МТРА жаңалықтары

Алда қаланы қардан аршу жұмыстары тәулік бойы тынбайды

Сергей Благовенко, “Фирма Универсал” ЖШС жүк көлігінің жүргізушісі.

-Күндізге қарағанда түнде жұмыс істеу қиындау. Кейде артқы жақта қарды артып жатқан техниканы көрмейсің. Түнде көлік қозғалысы аз, тиісінше, біз жолдарда еркін қозғаламыз. Бүгін Мир көшесінен Жуков көшесіне дейінгі аралықты тазартып жатырмыз.

Көшедегі көлік апатын болдырмау мақсатында көктайғаққа қарсы күрес шараларын жүргізудің маңызы зор. Бүгінгі түнгі ауысымға 3 кәсіпорыннан 30-ға жуық адам шыққан. Қар тазалау жұмыстарына 45 техника жұмылдырылыпты.

Қанат Мақашев, “Петропавл – Коммунхоз” ЖШС абаттандыру бөлімінің шебері.

-Екінші күн түнгі сменда жұмыс істеп жатырмыз. Бізге түнде істеген қолайлы. Өйткені, машина кептелісі болмайды. Рейс жасайтын машиналар қала сыртына оңай барып келеді. Қазір Чайковский көшесін жинап біткесін, Астана, Жамбыл көшелеріне ойысамыз.

Жалпы, облыс орталығында қар тазалаумен 7 кәсіпорын айналысады. Олар қаладан тәулігіне 5 млн. куб қар шығаруға қауқарлы.

 

 

 

Берик Касен.