МТРА жаңалықтары

№ 2 қалалық сотында ашық есіктер күні өтті

Нурия Малдыбаева – № 2 -ші Петропавл қалалық сотының төрайымы.

-Мына студенттер ертең заң саласында еңбек етеді. Сондықтан бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстармен, жаңашылдықтармен олар жіті таныс болулары қажет. Себебі соңғы уақытта сот жүйесіне көптеген өзгертулер енгізіліп жатыр. Бүгінгі жиынды № 2 -ші Петропавл қалалық соты мен Солтүстік Қазақстан колледжі бірлесіп өткізуде.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырып, сот жүйесінің ашықтығына көз жеткізу болып табылады. Жиынға қатысқан студенттердің барлығы дерлік, болашақта құқық қорғау саласында еңбек етуді мақсат етіп отыр. Сондықтан олар мұндай басқосудың пайдасы мол деп отыр.

Рауан Оразбай – Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенті.

-Болашақта құқық қорғау саласында еңбек еткім келді. Қазіргі кезде СҚУ коледжінде 3-курста заңгер мамандығында оқып жатырмын. Осындай жиынға келген себебім, өзіме болашақта тәжірбие алуға, үйренуге көп әсерін тигізеді деп ойлаймын. Осындай жиындардың көп болғанын қалаймын.

Ирина Приколотова – Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің студенті.

-Мен болашақта адвокат боламын. Сондықтан сот процессінің қалай өтетіні, оның ашықтығы, барлығы мені қызықтырады. Оның үстіне бір айдан соң бізде өндірістік тәжірбие басталады. Міне бүгінгі басқосуда алған ақпараттарды жұмыста қолданамын деген ойдамын.

Басқосудан соң студенттер, сот процессіне қатысты. Жалпы айта кету керек үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде № 2-ші Петропавл қалалық соты 7076 азаматтық істі қарап, 4680-не шешім қабылдаған.

 

 

 

 

Самат Джакупов.