МТРА жаңалықтары

Жыл соңына дейін Петропавлда 10 көпқабатты үй қолданысқа беріледі

Енді мұның бәрін арнайы мамандардан жасақталған мемлекеттік комиссия тексереді. Бақылау ойдағыдай өтсе, пәтерлер 29 жасқа толмаған жас отбасыларына желтоқсанның 1-і тапсырылады. Жайлы бөлменің әр шаршы метрі 90 мың теңге тұрады. Қоныс иелері оны “Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы сатып алады. Нысанды құрылыс саласында 16 жылдық тәжірибесі бар “Лира” ЖШС-нің жұмысшылары тұрғызған.

Дмитрий Шепелев, “Лира” ЖШС шебері.

-Біздің мекеме биыл 15 пәтерлі 2 үйді тұрғызды. Бәрі заманауи талаптарға сай. Олар биыл қолданысқа беріледі. Халықтың талғамына сай 2, 3 бөлмелі пәтерлердің іші кең әрі жарық.

Бұдан өзге ҚР-ның тұңғыш Президенті күніне орай, “Береке” шағын ауданында тұрғындарға 72, 95, 27 пәтерлік 5 көп қабатты үй қолданысқа берілмекші. Тағы соншасы аяқталуға шақ қалды. Олардың кейбірін “Қолжетімді баспана – 2020” бағдарламасы бойынша алуға болса, қалғаны жалға беріледі.

Марат Мұқашев, Петропавл қаласы құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі.

-Екі үй кезекте тұрған қалалықтарға арналып салынып жатыр. 72 пәтерлі баспана 2014 жылғы желтоқсан айының ортасында тапсырылмақ. Тағы екі үй тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы беріледі. Олар 45 және 93 пәтерлі үйлер.

Осы уақытта “Береке” шағын ауданында жалпы аумағы 34 мың шаршы метрді құрайтын 10 көпқабатты үйлердің құрылысына республикалық және облыстық қазынадан 2,8 млрд теңге қаржы бағытталыпты. Сәтін салса нысандардың барлығы жыл соңына дейін қолданысқа берілмек.

 

 

 

Берик Касен.