Билік

Түрлі ұлт өкілдері Жолдауға үн қосты

Қазақстан – сан ұлтқа құтты мекен бола білген ел. Елбасымыз “Нұрлы жол – болашққа бастар жол” атты кезекті Жолдауында айтқандай, ел ішіндегі татулық пен ауызбіршілікті сақтау әр қазақстандықтың міндеті. Себебі, біз мызғымас бірліктің арқасында ғана әлемдік сынақтарға қасқая қарсы тұрып, тойтарыс бере аламыз.

“Барбанг” қүрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы Рашид Надиров стратегиялық құжат келешегіміздің кемел болуына бағыт-бағдар сілтейді дейді. Оның кіндік қаны осы жерде тамды. Және ол ұрпағын Қазақстанда өрбіткісі келеді.

Рашид Надиров, “Барбанг” күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы.

-Биыл СҚО-да тұрғаныма 27 жыл толды. Қазір жеке кәсіп иесімін. Қазақстанда тұрып жатқаныма қуаныштымын. Мен елден жырақта жүрсем де, өзімді мұнда өгей сезінбеймін. Қайта ұрпағымды оқытып, өз дәстүр-салтымды дамытып жатырмын. Мұның бәрі әрине, елбасымыздың көреген саясатының арқасында мүмкін болып отыр.

Бүгінде өңірімізде 300-ге жуық қүрд ұлтының өкілі тұрады. Биыл олардың бастамасымен достық үйінде “Барбанг” атты этно-мәдени орталық ашылды. Қазақшаға аударғанда, бұл сөз гүлдену деген мағынаны береді.

Рашид Надиров, “Барбанг” күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы.

-Келер жылы біз бүкіл ел болып Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуын тойлаймыз. Біз осы уақыт аралығында қанша сынақтарды басымыздан өткердік. Сірә, мұнымен ешбір ел мақтана алмас.

Жалпы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында 23 этно-мәдени орталық жұмыс істеп тұр.

 

 

 

Берик Касен.