Құқық қорғау органдары

“Жолда жүру қауіпсіздігі аптасы” акциясының қорытындысы шығарылды

Сәбира Балсейітова, Петропавлдағы автооқытукомбинатының директоры.

-Бұл біздің алғашқы жеңісіміз емес. Бұған дейін де талай рет сайыстарға қатысып, үздік атандық. Жеңіске жақсы дайындығымыздың арқасында жетіп отырмыз. Сондықтан мен өз қызметкерлерімді мақтан тұтамын.

Сондай-ақ, байқауда жол-патрульдік полиция батальоны инспекторларының арасында да үздіктер анықталды. Мұндай атаққа Асхат Бакиджанов лайық деп танылды. Жеңіске жету оғай болған жоқ дейді Асхат. Өйткені, аталмыш сайыста өз бағын 200 қызметкер сынаған. Жеңімпаздарды облыстық ІІД-ті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Рақымжанов марапаттады. Сондай-ақ, шараға қатысуға белсенділік танытқандары үшін алғысын айтып, тәртіп сақшыларының алдағы жұмыстарын айқындап берді.

Мұндай байқауды тәртіп сақшылары алғаш рет өткізіп отыр.

 

 

Бану Ахметова.