Қоғам

Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Марал Нұржауыпова, СҚО статистика департаментінің басшысы.

-Ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 88,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғыға қарағанда 10,5 пайызға артық. Негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландыру көзінің 72,2 пайызы шаруашылық жүргізетін субъектілердің меншікті қаражаты болып табылады. Мемлекеттік бюджет қаражаты 18,9, өзге қарыз -6,5 пайыз, банктердің кредиттері-2,4пайыз.

Қаңтар-қазан айларынының аралығындағы бөлшек сауда көлемі 123,8 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткішті өткен жылғымен салыстырсақ, шамамен 15 пайызға өскен.
Өңіріміздің әлеуметтік жағдайына келер болсақ, облыста 572,9 мың адам тұрады.

Марал Нұржауыпова, СҚО статистика департаментінің басшысы.

-Оның ішінде 42,3 пайызы қалалық жерде, 57,7 пайзы ауылдық жерде тұрады. Облысымыздың аумағында ҚР халқының 3,3 пайызы тұрады.

Тұрғындардың жалақысы болса 7,4 пайызға өсіп, 78 404 теңгені құрады. Мамандардың айтуынша жоғарғы айлықты көлік және қоймалау кәсіпорындарының қызметкерлері алып жүр, бұл шамамен 117 472 теңге. Сондай-ақ, облыста жұмыссыз жүрген 1254 адам тіркелген. Десе де, ағымдағы жылдың он айында 10503 тұрғын тұрақты еңбекпен қамтылған.

Марал Нұржауыпова, СҚО статистика департаментінің басшысы.

-Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы орташа жан басына жаққанда 2014 жылғы қазанда 19129 теңгені құрады.

Осы жылдың қазан айында қант, кондитер өнімдері, жеміс және көкеністер, ет пен темекі өнімдерінің бағасы біршама қымбаттаған. Қалааралық автобусттарда жол жүру құны 6,5 пайызға артыпты. Ал, теміржол көлігімен қатынау керісінше 5,5 пайызға арзандаған.

 

 

 

Бану Ахметова.