Құқық қорғау органдары

Биыл Петропавл қалалық ІІБ салт аттылар бөлімшесіне 9 қызметтік жылқы алынды

Қалабай Базарбаев, Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальоны взводының командирі.

-Бүгінде кавалериялық бөлімнің штатында 17 қызметкер мен 16 бас жылқы бар. Біз 14 саяжайды аттармен күзетеміз. Ол учаскелер Заречный, Борки кенті мен Новопавловка саяжайларында ораналасқан.

Салт аттылар взводы қызметкерлерінің жұмысы әсіресе, саяжай маусымы басталғанда көбейеді. Тәртіп сақшылары мен олардың серіктері өздеріне жауапты учаскелерді сәуір айынан күздің ызғарлы суғы түскенше күзетеді. Ал, қыста взвод қызметкерлері облыс орталығы көшелерде қоғамдық тәртіптің бұзылмауын қадағалайды. Қолдары босаған уақытта полицейлер алма-кезек ауысып, күн сайын сенімді серіктеріне жем-шөбін беріп, жылқының күйін қадағалайды.

Қалабай Базарбаев, Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальон взводының командирі.

-Осы жылдың 10 айы ішінде салт атты тәртіп сақшылары 70-тен астам әкімшілік құқықбұзушылыққа хаттама толтырды. Өзгенің мүлкін ұрлауға қатысты 7 қылмыстың беті ашылды.

Халықта ер қанаты ат деген сөз бекерге айтылмаған. Жылқыны қызметке қосу қай жағынан алып қарасаң да тиімді. Ол нашар ауа-райына қарамайды. Көлік өтпейтін батпақ жолдар мен суды оңайлықпен кешеді әрі серігін ұрлық болған жерге жылдам жеткізеді.

 

 

 

Берик Касен.