МТРА жаңалықтары

Бескөл ауылы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмақ

Владимир Кортин – «Титан Север» ЖШС шебері.

-Қазір жұмыстар Дорожная көшесінде жүріп жатыр. Мұнда біз диаметрі 325 милиметр болатын құбырларды орнатудамыз. Енді 400 метрдейін төсеу қалды. 25-ші желтоқсанға дейін шаруаны аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Күн суытқалы жұмыстар қиындап кетті деуге болады. Себебі жанар-жағармай станцияларында қысқы дизелдік отын сатылымға шықпай жатыр. Сондықтан техникаларымызды сөндірмейміз. Ал бұл бізге көп шығын әкелуде.

Бескөл ауылы облыста орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын екінші аудан болмақ. Келер жылы елді-мекенге тағы 2,4 шақырым жылу құбылыры тартылмақ. Осылайша 55-нысанға жылу берілетін болады. Оның 40-қа жуығы көпқабытты тұрғын үй болса, қалғандары әлеуметтік нысандар.

Берік Жүнісов – Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары.

-Бұл жұмыстардың барлығы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл бірінші кезең. Яғни келер жылы да бұл шаруалар жалғасын таппақ. Айта кету керек жылу магистралінің жалпы ұзындығы 4 шақырым 800 метр. Осы шаруаның барлығына 1 милилард 100 миллион теңге жұмсалмақ. Ал жылу қазандығына келер болсақ, ол былтыр орнатылған. Құны 590 миллион теңге. Бұйыртса, 2015 жылдың жылдың қысқы маусымында жылу беріледі деп ойлаймын.

Бескөлдің орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатынына бірінші кезекте, ауыл тұрғындары қуанышты.

Салынып жатқан құбырлардың дені Ресей Фелерациясынан жеткізіліпті. Ал оның жылу өткізбейтін изоляциялық қаптамасы Петропавл құбыр зауытында жасалған. Айта кету керек, орталықтандырылған жылу жүйесіне 2016 жылдан бастап жеке тұрғын үйлерді де қосу жоспарда бар.

 

 

 

Самат Джакупов.