Билік

Асқақ мұраттар астасқан жолдау

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті.

-Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімге жалға ұсынады. Баспананы тікелей делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мене ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі.

Елбасы жолдауының негізінен халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталғандығы айдан анық. Бұл ретте солтүстік қазақстандықтар мемлекет басшысының сындарлы саясатының оңтайлы жүзеге асып, ел ертеңі еңселі болатынына сенім білдіруде.

Таңат Сүгірбаев – «Асыл мұра» орталығының директоры.

-Тыныштық, бірлік болса, Президентіміздің Үкіметтің алдына қойған тапсырмалары, ол міндетті түрде орындалады. Оған сөзсіз, кәміл сенеміз. Өйткені қазіргі экономикалық, қаржылық дағдарыс жан-жағымызда болып жатыр, басқа елдерде. Біз содан өтіп, Ұлттық қордан жыл сайын 3,5 миллиард доллар бөлінетін болып жатыр. Бұл үлкен қаражат.

Осындай қиын кезде елдің экономикасын нығайтуда Ұлттық қорды кәдеге жарату ұтымды болмақ. Жолдауға қазір аға буын өкілдері зор қолдау білдіруде.

Тілек Әбдірахманов – Еңбек ардагері.

-Қариялар өмірде қонақпыз ғой. Бірақ қонақ аз отырып, көп сынайды дейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ұлттық қор құрамыз деген уақытта Елбасымыз, кейбір опазицияның серкелері мінберлерге тезірек шығу үшін, тезірек абырой алу үшін, мұны таратып беру керек деген әңгіме болған еді. Ол дұрыс болмады, оған іштей келіспеп едік. Қазіргі Елбасымыздың жасап отырған саясаты ұлттық қорды жиып-теріп, қазіргі қиыншылық заманда алдын ала отырып, халықтың қамын ойлап, үлкен іскерлік жолдама жасап отыр.

Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бағыт» атты жолдауындағы тапсырмалар 5 жыл ішінде жүзеге асырылуы қажет. Сондықтан бұл жоспарды орындауда баршамыз білек сыбана кірісуіміз қажет.

 

 

 

Самат Джакупов.