МТРА жаңалықтары

Оның алтауы балалар. Сондай-ақ, 34 азамат түрлі дене жарақаттарын алған. Мысалы, Аққайың ауданының орталығы Смирново селосының тұрғыны газ балонын жарамдылығын шырпымен тексермек болған. Салдарынан зейнеткердің беті мен қолын күйік шалды. Қазір азаматша аудандық ауруханада ем-дом қабылдап жатыр. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер баллон редукторының астында тығыздағышы жоқ екендігін анықтады.

Облыс орталығында Мағжан Жұмабаев көшесіндегі үйлердің бірінде болса, электр сымдарының тұйықталуынан өрт шыққан. Осылайша 49 жасар азаматша 1-ші және 2-ші деңгейдегі күйік жарасын алды. Дәл осындай факті үстіміздегі аптада Тимирязев ауданының Степное селосында тіркелді. Мұнымен қоса пештердің дұрыс салынбағандығынан да бірнеше өрт оқиғасы орын алды. Сонымен қатар, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда дүкен мен дәмхана өртке оранған. Сондай-ақ, өңірде 4 автокөлік пен 2 гараж жанып кетті. Мамандар тілсіз жау орын ала қалса, бірден 101 телефонына хабарласуларын сұрайды.

 

Самат Джакупов.