Қоғам

Жуық арада Мефодия храмы ашылады

протоиерей Сергий, салынып жатқан храмның жетекшісі.

-Бұрын бұл маңда Мария Магдалинаның атындағы храм болған. 1974 жылы шіркеу тас-талқан етілді. Храмды қайта тұрғызу үшін мен осы маңайдың тұрғындарымен кездесіп, қолқабыс болуын сұрадым. Олар да собордың ауадай қажет екендігін айтты. Сөйтіп, құрылыс жұмыстары басталған болатын.

Мұндағылары шіркеудегі құрылыс жұмыстары 17 ақпан – әулие Мифодий күнінде аяқталып, алғашқы құлшылық шарасын жүргізсек деп жоспарлап отыр. Бірақ, бұған қол байлау болып отырғаны – қаражат.

-Шіркеудің жұмысы қазір тоқтап тұр. Өйткені қаржы жоқ. Сондықтан мен тұрғындардан садаққа ретінде материалдық көмек көрсетуін сұраймын. Өйткені, электр желілері тартылған жоқ. Шіркеудің иконалық дүңгіршегінің шатыры жабылмаған. Бұдан басқа да мәселелері жетерлік. Әлі 6-7 млн теңгедей қажет.

Шіркеулік дүңгіршек дәл храмның жанында бой көтерген. Екі қабатты ғимаратта ішкі әрлеп- сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда кітапхана және храмның қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар. Құдайға құлшылық ететін шіркеуде де құрылыс жұмыстарының біразы тындырылған.

Бану Ахметова, тілші.

-Храмның ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Көріп тұрғандарыңыздай шіркеулік жазулар да бар. Содан соң иконалар ілінбек.

Храм есігін аяқара ашқаннан кейін, Мария Магдалинаның үлкен шіркеуінің құрылысы басталмақ. Ол үшін мұнда 4 жыл бұрын тас қойылып, тағзымдық крест орнатылыпты.

 

 

Бану Ахметова.