Спорт

Петропавлда шахматтан облыстық чемпионат өтті

Орынбай Сейітов – шахматтан облыстық ашық чемпионаттың қатысушысы, Тайынша ауданы.

-Тайынша ауданынан былтыр 9 кісі келіп едік, биылда 9 адам келіп отырмыз. Осы сайыста үздік үштіктен көрінеміз деген ойдамын.

Шахматтан облыстық ашық чемпионатты жыл сайын ұйымдастыру бүгінде дәстүрге айналған. Аталмыш сайыста жеңімпаз атануға өңіріміздің 9 ауданы мен Петропавл қаласынан барлығы 39 шахматшы келіпті. Олар екі күн бойы швейцарлық жүйе бойынша, өзара мықтыны анықтауда.

Александр Новичков – шахматтан облыстық ашық чемпионаттың бас төрешісі.

-Бұл чемпионат швейцарлық жүйе бойынша өтуде. Ол дегеніміз – қарсыласынан жеңіліс тапқан шахматшы жарыстан шығып кетпей, басқа кездесулер өткізеді. Сөйтіп, 9 турдың ішінде ең көп ұпай жинаған шахматшы чемпионаттың жеңімпазы атанады.

Сайыстың қорытындысы бойынша Петропавл қаласының намысын қорғап, 9 кездесуде 8 рет жеңімпаз болған Салтанат Мұқанов өңірдің үздік шахматшысы атанды. Ендігі кезекте чемпион келер жылдың ақпан айында өтетін шахматтан ел біріншілігінде Қазақстанның мықты гроссмейстерлерімен сынға түсетін болады.

 

 

 

Риат Шони.