Құқық қорғау органдары

Облыста “Есіңде сақта, ойлан” акциясы өтті

Жол көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу шарасына орай шеруге ауыр апатқа түскен көліктерді артқан 3 эвакуатор, қара, ақ түсті қайғылы лента тағылған көліктер мен патрульдік машиналар шықты.

Колонна жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын орталық көшелермен жүріп өтті. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге жолшыбай халықаралық жол апаты құрбандарын еске алу күніне орай ережелер жазылған парақшалар таратылды.

– Жол ережесі – бәріне ортақ. Оны тәжірибелі жүргізушілер де бұзбау керек. Апат айтып келмейді, жолда неше түрлі жағдай болады. Сондықтан, жолда адамдар бір-біріне сыйластықпен қараған жөн.

-Қазір ауа-райы алабұртып тұр, көшелерде көк тайғақ, сондықтан жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жан-жағына қарайлап, абай болса деген тілегім бар.

Сарапатама жұмыстары көрсеткендей, қайғылы оқиғалардың жиі орын алуына жүргізуші тәжірибесінің аздығы, жылдамдықты межеден асыру себеп болған. Жолда опат болғандар 25-40 жас шамасындағы жүргізушілер мен жолаушылар.

Вадим Яценко, СҚО ІІД ӘПБ басшысының орынбасары.

-Соңғы 10 айда СҚО-сының аумағында 247 ЖКА тіркелді. Салдары 44 адам қаза тапты. Оның 2-уі бала. Тағы 315 солтүстікқазақстандық түрлі дене жарақатын алды. Өткен жылмен салыстырғанда, көлік апаты 0,6 пайызға қысқарған. Бірақ, мерт болғандардың саны 5 адамға өсті.

Сағат тура он екіде тәртіп сақшылары жол апатында қаза болғандарды еске алу үшін барлық жүргізушілерден бір мезетте дыбыс сигналдарын қосуды сұрап, аспанға қара-ақ түсті шарларды жіберді.

 

 

Берик Касен.