Білім

Колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік байқауы өтуде

Жангелді Әубәкіров – гумантиарлық-техникалық колледж студенті.

-Дәл қазір мен транзисторлардың базасын екінші транзисторға қосып жатырмын. Енді соңғы жасайтын қылыстары қалды. Бұл схема телевидениеда қолданылады.

Ал мына жерде оқу орнының шәкірттері жол қозғалысы ережелерінен білімдерін көрсетуде. Теория жүзіндегі білімдерін тәжірибеде көрсету үшін тіпті көлікті вертуалды түрде басқару да қарастырылған мұнда.

Кристина Сафронова – гуманитарлық-техникалық колледж студенті.

-Менің мамандығым техникалық салаға жататындықтан, осындай шеберлік байқаулары бізге керек-ақ. Соңғы уақытта теориядан гөрі, практикалық сабақтар көбірек өткізіліп тұрады. Бұл дегеніңіз – біздің кәсіби маман болып шығуымызға жасалған үлкен мүмкіндік деп есептеймін.

Болашақ автомеханиктердің енді бір легі – көліктің оталдыру тетігі мен қозғалтқышындағы ақауды анықтауда. Студенттерге бұл байқауда жеңіске жету оңайға соқпасы анық. Сондай-ақ, кәсіби шеберлік байқауында бағдарламашылар да өздерінің біліктіліктерін іс жүзінде көрсету үстінде. 3 топқа бөлінген үміткерлерге берілген тапсырма – компьютердің жүйелік блогын бұзып, қайта орнына келтіру. Тапсырманы Артем Рысев бастаған топ мүдірмей, өзгелерінен бұрын орындап шықты.

Артем Рысев – гуманитарлық-техникалық колледж студенті.

-Байқау талабы бойынша біз компютердің жүйелік блогын құрастырдық. Үнемі сәтті құрастырып шығады деген кепілдік жоқ. Сондықтан компютердің әр бөлшегі мен тетігін мұқият зерттеуге тура келеді.

Жалпы оқу кешенінде кәсіби шеберлік байқауы жылда ұйымдастырлып тұрады. Студенттердің біліктілігін арттыру мақсатында жақында білім ошағы дуалды оқыту жүйесіне көшкен болатын. Оқу ордасында тәрбиеленушілердің машықтануын бірінші жолға қоятын колледж басшысы Александар Мерк, бұндай байқаулардың студенттер үшін маңызы зор,- дейді.

Александр Мерк – гуманитарлық техникалық колледж директоры.

-Оқу орнында үздік студенттерді анықтау мақсатында кәсіби шеберлік байқауы жыл сайын өткізіледі. Бүгінде колледж студенттерді 14 мамандық түрі бойынша оқытуда. Бір айта кетерлігі, осы байқауда әр аталым бойынша бірінші орынға қол жеткізген шәкірттерімізді облыс орталығындағы өндіріс орындары мен зауыттарға жұмысқа орналастырамыз.

Бүгіндері оқу орында гуманитарлық және техникалық мамандықтар бойынша 860 студент білім алуда

 

 

 

Бакыт Садуакасов.