Бизнес және экономика

Инвесторлар Петропавлда бас қоспақ

Әрсен Насырханов – СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

-Ұйымдастыру шаралары жүргізіліріп жатыр. Біздің жұмысымыз күннен-күнге артуда. Сонымен қатар біз онлайн режимде тіркеуліктер жүргізіп жатырмыз. Қатысушылардың саны күннен-күнге көбейіп жатыр.

Форум барысында Николай Погодин атындағы орыс драма театрында қатысушыларға арналып, өңірдегі келешегі зор инвестициялық жобалар таныстырылатын болады. Айта кету керек халықаралық форумға барлығы 900-ге жуық азамат қатысады деп жоспарланып отыр. Мұндай үлкен көлемдегі шара Петропавлда алғаш рет өтпек.

Әрсен Насырханов – СҚО инвесторларға қызмет көрсету орталығының директоры.

-Көптеген қатысушылар Шетелден келгелі жатыр. Олар ең біріншіден, жақын маңдағы Ресей облыстарынан. Содан Кейін Украина мелмекетінен көптеген инвесторлар қызығушылық танытуда. Сонымен қатар бізде панельдік сессия өтеді деп жоспарланған. Ол ауыл шаруашылығы панель сессиялары, машина жасау, өнеркәсіп кен орындарын байыту альтернативті энергия деген сияқты көптеген панельдік сессиялар болады.

Жыл санап облыста инвесторлар көлемі артуда. Шетелдіктер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал ететіні сөзсіз. Өткелі жатқан жиын соны меңзейді.

 

 

Самат Джакупов.