Билік

Елбасы жаңа Жолдауында республикадағы су және жылу құбырларын жаңғыртуға басымдық берді

Серік Ысмайылов – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры.

-Елбасы Жолдауын біз өзіміздің мекемеде талқылап шықтық. Жолдауда қозғалған ауыз су мәселесі тікелей бізге берілген тапсырма десек те болады. Ауыз судың тазаруы ауыл тұрғындарының денсаулығының кепілі.

Булаев топтық су құбырын жаңғыртудың 2-ші кезеңі бойынша басталған жұмыс жуырда аяқталып, 2 150 миллион теңгеге 254 шақырым су құбыры жаңартылды. Соның нәтижесінде 29 елді мекен таза ауыз суға қол жеткізетін болды. Олардың 3-еуі – Қызылжар ауданында, ал қалғандары М. Жұмабаев ауданында орналасқан.

Серік Ысмайылов – ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры.

-Бағдарлама бойынша жоспарда 11 милиарттың көлемінде су торабын салу керек. Осы уақытқа дейін 552 км су құбырын салдық. Ал келешекте яғни 2020 жылға дейін әлі де 700 км су құбырларында тартамыз. Оған үкімет тарапынан тағы 15 млрд ақша жұмсалады.

Кәсіпорын тұрғындарға су жеткізу қызметін Булаев, Преснов, Соколов және Есіл топтық су құбырлары арқылы жүзеге асырады. Бүгінде “Ақ бұлақ” бағдарамасы аясында өңірде 200 ауыл таза сумен қамтамасыз етілген. Жоспарда тағы 507 ауыл бар.

 

Ақбөпе Тәңірберген.