Құқық қорғау органдары

Бірнеше пәтер тонаған ұры құрықталды

Зарина Шарипова – Петропавл қаласы ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі .

-Петропавл қаласының ІІБ қазан айында 56 жасар қала тұрғыны келді. Оның айтуын бойынша үйінің құлыбын біреулер бұзып алтын бұйымдары мен ақшаларын ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру шарасын өткізді. Нәтижесінде күдікті деген Петропавл қаласының 25 жасар тұрғыны құрықталды. Ол дәл осындай қылмыспен бұрында сотталғандығы анықталды.

Ол тек Жұмысшы кенті, Зайсан және де ДСР аудандарындағы жер үйлерді тонаған. Пысықай қалалықтардың көбі жұмыста болған уақытты пайдаланып, сағат 14:00 мен 17:00 аралығында әрекет еткен. Зардап шегушілер үйлерінің есігін стандартты ілмелі құлыппен жапқан. Құрықталған оларды бұзу үшін үйдің ауласында жатқан кез-келген материалды пайдаланған.

Зарина Шарипова – Петропавл қаласы ІІБ тергеу бөлімінің аға тергеушісі.

-Ұры үйлердің құлыптарын темір заттардың көмегімен сындырған. Есікті бұзып кіргеннен кейін пысықай 5-10 минут аралығында үйдің ішін тінтіп, ақша мен зергерлік бұйымдарды ұрлаған. Кейін қолды қылған заттарын Петропавл қаласының базарларында сатқан.

Қылмыскер саудадан түскен ақшаны өзінің керегіне жаратқан. Ол бұрында сотталғанын ұмытпаған. Сол себепті де ісін тыңғылықты істеген. Әрдайым тұрғылықты мекен жайын ауыстырып отрыған. Қазір пысықай құрықталып қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 

Риат Шони.