Мәдениет

“Жас жұлдыздар” облыстық ән байқауы өтті

Жарқын Ыбраев – “Жас жұлдыздар” облыстық ән байқауына қатысушы, М.Жұмабаев ауданы.

-Вокалды ән айтумен 3 жасымнан бері айналысып келемін. Былтырғы жылы “Айгөлек” республикалық ән байқауына қатысып, жүлделі оралдым.

Жалпы бұл фестиваль талантты жастарды анықтау, шығармашылық белсенділіктерін дамыту және республикалық ән сайыстарына қатысуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондықтан да ән байқауына қатысушы үміткерлердің саны жыл санап артып келеді. Осы жолғы байқауға келген әншілердің дайындықтары жоғары деңгейде болғандықтан әділ қазылар алқасына дарынды өнерпазды анықтау оңайға соқпады.

Таңат Бейсенбаев – облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының қазақ шығармашылығы бөлімінің жетекшісі.

-Жалпы бұл сында 7 мен 18 жас аралығындағы конкурсанттар жас еркшелігіне қарай 3 аталым бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Осы жылғы қатысушылардың дайындықтары жоғары деңгейде болды.

Жалпы бұл сында 7 мен 18 жас аралығындағы конкурсанттар жас еркшелігіне қарай 3 аталым бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен кіші топта – Дарина Наушаринова, орта топта – Тамерлан Сәлімов және үлкен топта Жарқын Ыбраев бірінші орынға қол жеткізді. Ал бас жүлде – мамлюттік Динара Житееваға бұйырды. Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Бакыт Садуакасов.