Қоғам

“Мобильді үкімет” жобасына тіркеу науқаны басталды

-Енді мемлекеттік қызметті смартфон немесе планшеттің көмегі арқылы алуға болады. Ол үшін 414 нөміріне СМС жолдау керек, не болмаса телефонға арнайы бағдарламаны жүктеу қажет.

Бұндай мобильді үкіметтің халық үшін тиімділігі өте зор.

Дулат Шарипов – Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг және бақылау жүргізу қызметінің қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері.

-Бұл қызметте үлкен мүмкіндіктер бар. Мысалы, ХҚКО-дағы көрсетілетін қызметтер бойынша, балабақшаға кезекке қою бойынша және өзгеде қызметтер түрінен ақпараттарды толықтай ала алады. Бұл қызмет түрінен толықтай ақпаратты 1414 бірыңғай нөміріне хабарласып немесе ХҚКО келіп сұрастыра алады.

Мұнда ең әуелі халыққа керек деген міндеттемелер болады, кейін оның саны артады. Ал 2020 жылы Қазақстанда электрондық қызметтердің 40 пайызы мобильдік үкімет арқылы жүретін болады. Бұл жобаны енгізу осы жылдың аяғына дейін жоспарланған. Бірақ, қазірден бастап әрбір азаматқа тіркелуге болады.

Бейбітгүл Туренова – Петропавл қаласы ХҚКО инспекторы.

-“Мобильді үкіметтің” сайтына тіркелу үшін электронды үкіметтің сайтына кіру қажет. Өз нөміріңізді есеп жазбасына бекітіп, жеке куәліктегі пин кодты жазу қажет. Сол кезде ұялы телефоныңызға арнайы кодпен СМС келеді. Ол кодты арнайы тақтаға жазасыз. Егерде түсініксіз жағдайлар болса, онда ХҚКО келіп кеңес алуға болады.

Тек Петропавл қаласының өзінде ХҚКО әрбір инспекторы тың жобаға күніне 15-ке жуық қала тұрғынын тіркейді. Ыңғайлылығы мен пайдасы зор. Өйткені жұрттың көпшілігінде ұялы телефон бар, бірақта бос уақыт бола қоймайды.

Бейбітгүл Туренова – Петропавл қаласы ХҚКО инспекторы.

-Осы жоба аясында ағымдағы жылдың аяғына дейін 50 қызмет қосу жоспарланған. Ал әзірге жаңашылдықтың бірі мобильді қолтаңбаны енгізу болып тұр. Біз оны сим-картаға бекітеміз.

Бүгінгі күні электронды үкіметті дамыту бойынша БҰҰ-ның рейтингісінде Қазақстан 193 мемлекеттің арасында 28-ші орында тұр. Бұл ТМД бойынша үздік көрсеткіштердің бірі.

 

 

Риат Шони.