Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс активі Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын талқылады

Сергей Худяков – «СҚО Азаматтық Альянс қауымдастығы» ЗТБ төрағасы.

-Тұрғын үй коммуналдлық шаруашылығының жанданатыны мені қуантып отыр. Себебі өзім осы салада еңбек етемін. Елбасының тапсырмасына орай бұрыннан бері келе жатқан ауқымды мәселер шешіледі. Яғни ескі жылу желілер жаңасына алмастырылады. Бір сөзбен айтқанда жоспар жүзеге асса, жағдайымыз жақсарады.

Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп- лицейінің директоры Ержан Әубәкіров ұстаздар қауымына жасалып жатқан игі шараға ризашылығын білдірді.

Ержан Әубәкіров – Облыстық дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік мектеп лицейінің директоры.

-Елбасының жолдауы бүкіл қазақстандықтарға жігер берді деп ойлаймын. Неге десеңіз бұл дүниежүзіндегі сындарлы кезеңде еліміздің мұндай қосымша ақша бөліп, Елбасымыздың экономиканы көтеруге үлкен күш береді деп ойлаймын. Әсіресе білім саласына үлкен көңіл бөлініп жатыр. Бұл деген біздің балаларымыздың сапалы білім алып, бәсекеге қабілетті азамат болып, тәрбиеленуіне үлкен әсер етеді деп ойлаймын.

Еліміздің болашақ тізгіні жастардың қолында. Елбасы өз жолдауында жастар мәселесіне де баса мән берді. Ал кейінгі толқын болса, Елбасы сенімін ақтаймыз деп отыр.

Екатерина Старостина – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

-Солтүстік Қазақстан облысының жастары Елбасының жолдауын зейін қойып тыңдады. Президент өз сөзінде жастар болашақтың тірегі екенін айтты. Сенім білдірді. Бұл біз үшін үлкен абырой. Тәуелсіз еліміздің лайықты азаматы болу үшін біз қолдан келген көмекті аямаймыз.

Елбасының әлемдік қаржы дағдарысы кезінде уақытылы жолданған бағдарламасын қазір өзге елдің сарапшылары да талқылап жатыр.

Анатолий Спицын – РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет және Ресей халық шаруашылығы Академиясының профессоры.

-Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жолдауынан көрші мемлекеттер үлкен әсер алып отыр.. Бұл Президенттің көрегендігінің арқасы деп білемін.. Нәтижесінде бірқатар бағдарламалар қабылдануда. Жолдау осындай қиын кезеңде елдің тұрақталығын сақтап қалуға мүмкіндік береді деген ойдамын.

Жаңа жолдау кемел келешектің жолбастар темірқазығы. Жолдауда қойыған міндет айқын. Енді тек оны жүзеге асыру қажет.

 

 

 

Самат Джакупов.