Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі- Пэк Чухёнді қабылдады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Шақыртуымызды қабыл алғандарыңызға қуаныштымыз. СҚО-на қош келдіңіздер. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынас орнағанына 20 жыл болды. Әрі қарай осы байланысымыз жалғасады деген ойдамын.

Бүгіндері теріскей мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы соншалықты көп болмаса да негізінен пластина, қағаз, картон, контейнерлер мен есептегіш машиналар импортталады екен. Екіжақты әріптестікті дамытуға барлық негіз бар. Өйткені, қарашаның 29-ынан бастап екі елдің арасында визасыз режим орнамақ.

Пэк Чухён – Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

-Ол екі ел арасында еркін жүріп- тұруға жол ашпақ. Бұл режим екіжақты бизнесті қолға алуға мүмкіндік береді. Қазақстанның солтүстік өңіріне келуім тегін емес, өйткені елдеріңіз еуроодақ құрамына енді. Ол да кореялық кәсіпкерлер үшін тауарын одақ елдеріне шығаруға үлкен мүмкіндік туғызады. Мен өзім Қазақстанның барлық аймақтарында болдым. Сондықтан елдегі өнеркәсіп кешендерінің даму қарқынын жақсы деп білемін. Бұл ретте екіжақты әріптестік орнатуға бар жағдайлар жасалған. Ол тек экономика саласында ғана емес, сонымен қатар мәдениет, білім және туризмді де айтуға болдаы.

Айта кету керек, 2015 жылдан бастап өңірімізде энергия үнемдеуге қатысты Кореямен бірлескен жоба қолға алынбақ.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Сіздерден келген кәсіпкерлер ақпараттық техноорлгиялар саласында әріптестік орнатуға мүдделі. Олар Петропавл қаласында энергия үнемдейтін жүйені жасауды қарастыруда. 2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында біз конкурс жариялап, мемлекеттік- жекеменшік әріптестікті тартуды көздеп отырмыз. Бұл табысты істі бастауға жасалған шағын ғана қадам болмақ.

Кездесу соңында аймақ басшысы Кореялық бизнесмендерді қарашаның 28 Петропавлда өтетін инвесторлардың форуымна шақырды. Кейін екі жақ ескерткіш сыйлықтармен алмасты.

 

 

Магжан Ахмадина.