МТРА жаңалықтары

Елдегі құрылыс саласына тың өзгерістер қажет

Михаил Косачев, ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару, комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.

-Жаңа заң жобасында комиссиялық бақылау алынып тасталады. Бұдан былай нысанды мемлекеттік органдар емес, тапсырыс беруші мен мердігер компания өкілдері қабылдайды.

Сондай-ақ , жиында құрылыс кезінде техникалық реттеулер бойынша жаңашылдықтар айтылды. Жалпы сарапшылар жаңа нормаларды шетелдік тәжірибеге сүйене отырып әзірлеген.

Миркен Абақанов, “ҚазНИИСА” АҚ бас директорының 1-ші орынбасары.

-Реформа сауда-саттықта техникалық кедергілерді алып тастау, шетелдік сондай-ақ, отандық тың технологиялар мен жаңа құрылыс материалдарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді. Біз құжатта ескірген әдістерді жетілдіріп, стандарттарды нарыққа сай етеміз. Мамандардың кәсіби біліктілігін артырып, бәсекеге қабілетілігін арттырамыз.

Бүгінде өңірімізде ғимараттарды тұрғызумен 10 ірі компания айналысады. Соның бірі “Основание” ЖШС. Мекеме 40 жыл. ішінде ондаған тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрғызып үлгерді.

Сергей Тимофеев, “Основание” ЖШС директоры.

-Бұрындары нысанды тапсыру кезінде бізді бірнеше орган қызметкерлері тексеріп, әр түрлі сын тағатын. Біз оны түзету үшін біраз уақыт жоғалтып, нысан мерзімінде тапсырылмай жататын. Енді арнайы комиссия тағайындалады. Олар құрылыс барысын аяғына дейін тексеріп жүреді. Кейін өздері қабылдап, қателікке жол берсе жауапқа тартылады. Мен бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Бұл кеңеске жергілікті және көршілес Ақмола облысынан 200-ге жуық маман қатысты.
Олар жиын барысында мамандарға құрылыс саласындағы кемшін тұстарды айтып, оның бәрі түзетілсе деген ниетін білдірді.

 

 

 

Берик Касен.