Қоғам

250 солтүстікқазақстандық жаңа мамандыққа ие болды

Анастасия Пузикова – “Мастер Орталық” алғашқы мамандандыру оқу-өндірістік орталығының түлегі.

-Мен бұған дейін ешбір бұйым тігіп көрмеген едім. Барлығын осында келіп үйрендім. Ұстаздардың барлығы жақсы. Әрине басында қиын болды, бірақ уақыт өте келе барлығына үйреніп кеттім. Енді бүгін міне емтиханды сәтті тапсырдым, маған тұрақты жұмыс ұсынды.

Тігілген бұйымдардың әр бөлшегіне баса назар аударған комиссия құрамында жұмыс берушілерде болды. Емтихан қорытындысы бойынша “Мастер Орталық” алғашқы мамандандыру оқу-өндірістік орталығының 3 түлегіне Петропавлда әскери киім тігетін “Лидер Profeshional” ЖШС тұрақты жұмыс ұсынды.

Александр Топоров – “Мастер Орталық” алғашқы мамандандыру оқу-өндірістік орталығы директорының міндетін атқарушы.

-Біздің мекеме өңірдің түрлі кәсіпорындарымен келісім шарт жасалған. Онда оқып жүрген мамандар тәжірибеден өтеді, кейбіреулері жұмысқа да орналасады. Қазір қысқа мерзімді бағдарлама бойынша оқып жүргендердің дені азайды, енді оқу үшін келер жылдың ақпан айында келеді.

“Мастер Орталық” алғашқы мамандандыру оқу-өндірістік орталығының тынысы 1997 жылдан басталған. Жалпы бұл мекемеде мамандарды үш бағытта оқытады. Жыл басынан бері 250 маман білімін аяқтап диплом алған, оның 60-ы мемлекеттік “Жұмыспен қамту жол картасы 2020” бағдарламасы бойынша екен.

 

 

 

Риат Шони.