Құқық қорғау органдары

Жол ережесін бұзған 5 мыңнан аса петропавлдықтар айыппұлын төлемеген

Рауан Әлмішев – СҚО 4 прокуратура басқармасының прокуроры.

-Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ үстіміздегі жылдың 9 айында облыстағы құзырлы орган мамандары 130 мың әкімшілік істі қараған . Нәтижесінде 74 мың азаматқа 1,5 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынып отыр.

Ал сот орындаушылардың өндірісіне 940 млн. теңге әкімшілік айыптың 50 мың құжаты берілген. Қазіргі таңда жолда жүру ережесін көбіне жастар мен таксистер бұзады екен.

-Бүгінгі рейдтік шарада тәртіп сақшылары темір тұлпарларды тоқтатып, көлік иелерінің мойынында берешегі бар-жоғын анықтауда. Егерде жүргізушіге айыппұл салынып, ол оны 30 күннің ішінде өтемегені анықталса, онда жүргізуші көлігін осы маңда тастап, жақын маңдағы банкке барып айыбын өтеп, түбіртекті полиция қызметкерлеріне көрсету қажет. Ал бүгінгі шарада осындай адамдапрдың бесеуі анықталған.

 

Риат Шони.